Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова ӨКҚ-де өткен брифингте қызылшаға қарсы вакцинация жасатудан бас тартқандарға қандай жауапкершілік жүктелетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вакцинациядан бас тартқаныңыз үшін жауапқа тартылмайсыз, вакцинация тек ерікті түрде жүргізіледі. Ересек адам тек өзі үшін жауап береді. Бірақ балаларды вакцинациялаудан бас тартқан ата-ана баласының денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Бала кез келген азамат сияқты аурудан қорғануға құқығы бар. Балаларымызды қорғай отырып, біз жақындарымызды, өзге де балаларды қорғай аламыз. Популяция әсері деген сияқты құбылыс бар. Яғни біз қоғамда еш оқшауланусыз өмір сүріп жатырмыз, - дейді бас санитар.
Ол балаларға екпе салдырудың маңызды екенін айтты.
Елордада халықтың тығыздығының артуы бар, байланыс қарқындылығы, қозғалыс жылдамдығы жоғары. Біз өзімізді қаншалықты жақсы қорғасақ, қасымыздағы адамдарды да соғұрлым жақсы қорғаймыз. Инфекциялар үнемі біздің қасымызда жүретінін естен шығармағанымыз абзал. Олар бізді «жақсы көреді» және олар сол «махаббатты» көрсету үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланады. Ал біздің балаларымызға деген махаббатымызды көрсетудің жалғыз жолы – оларды уақытында вакцинациялау, - деді Сархат Бейсенова.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай