Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрХабарламада иммундық импринтинг деген құбылыс туралы айтылады. Сонымен қатар ақпарат авторы вакциналардың жаңа партиясы тудыратын осындай импринтингтің нәтижесінде адамдар ауырып, өледі деп жазады. Шындығында, бұл олай емес.
COVID-19 контекстіндегі иммундық импринтинг – бұл Лондон Императорлық колледжінің иммунология профессоры Дэнни Альтманнның еңбегінде сипатталған құбылыс. Ол иммундық импринтинг – бұл SARS-CoV-2 коронавирусының бір нұсқасының тікенек тәрізді ақуызы, вакцинация немесе ауырған ауру нәтижесінде организм иммунитеттің басқа коронавирус нұсқасының тікенек тәрізді ақуызына жауап беру қабілетіне әсер ететін жағдай екенін түсіндіреді. Жай сөзбен айтқанда, бұрын Альфа коронавирусының нұсқасын жұқтырған немесе дәл осы нұсқа негізінде вакцина салдырған адам дельта нұсқасын жұқтырғанда бұрын-соңды COVID-19-бен ауырмаған адамға қарағанда басқаша ауыруы мүмкін.
Алайда, бұл вакциналар тиімділігін жоғалтады немесе олар өлімге әкеледі дегеннің белгісі емес. Сан-Францискодағы Калифорния университетінің медицина профессоры Моника Ганди Medical Mews Today порталына патоген нұсқасында жасалған түпнұсқа вакциналарды қолдану әлі де өзекті және ауру жұқтырған жағдайда оның ауыр ағымынан мен өлімен қорғай алатынын екенін айтты.
Сондай-ақ бір өндіруші әртүрлі уақытта шығарған вакцина партиялары құрамы жағынан ерекшеленбейді, демес әртүрлі әсер ете алмайтынын атап өткен жөн. Бұған препараттар құрамымен танысып, көз жеткізуге болады.
Осылайша, COVID-19 қарсы вакциналардың жаңа партиясы адамдардың өліміне әкелетін құбылыс тудыратыны туралы ақпарат – фейк.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова