Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Дайындық және ұйымдастыру дирекциясы басшысының орынбасары Абылай Кондыбаев ойынға бюджеттен 5,7 млрд теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шығынның басым бөлігі қонақтардың жатын орны мен тамақтануына жұмсалмақ.
2430 қатысушы бізге келеді деп айттық. Біз бесінші ойындарды өткіземіз. Қалыптасқан дәстүрлер бар. Біздің ұлттық құрамамыз да барлық ойындарға қатысты. Барлық осы дәстүрлер бойынша қабылдаушы тарап әрқашан келген қонақтардың барлық шығындарын өз мойнына алды, - деді ол.
Спикер бір шетелдік спортшының шығыны 2 млн теңгені құрайтынын айтты.
Әр қонаққа шамамен 1 800 000 теңге жұмсаймыз. Негізгі шығын барлық келген қонақтарды орналастыру, тамақтандыру және тасымалдауға кетеді, - деп нақтылады Абылай Кондыбаев.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар