7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына теңге ілу мен жамбы атудан қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Теңге ілуден ұлттық құрама 8 тамыз күні Олимпиадалық даярлау орталығында 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын үздік үштікті анықтады.
Еліміздің ең үздік 6 теңге ілушісі көшпенділер ойындарына тікелей жолдама беретін 3 орынды сарапқа салып, іріктеу ойындарына қатысты. Спортшыларымыз «қос құлаш», «бес белес», «жеті құт» стилдері бойынша бақ сынады. Қорытындылай келе, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындапында ел намысын «бес белес» стилінен Бекнұр Серіков, «жеті құт» стилі бойынша Бақыт Төлтай, ал «қос құлаш» стилінен Рахат Қамбаров қорғайды.
Осылайша теңге ілуден 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы:
Оған қоса, жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасы 8 тамыз күні Олимпиадалық даярлау орталығында 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын үздік төрттік белгілі болды.
Еліміздің ең үздік 10 жамбы атушысы көшпенділер ойындарына тікелей жолдама беретін 3 орынды сарапқа салып, іріктеу ойындарына қатысты. Мергендеріміз «мажар», «азия», «түркі», «жамбы» стилдері бойынша бақ сынады. Жалпы есепті қорытындылай келе, 1-орынды Айтбек Сарыбай, 2-орын Абзал Тұлыбеков, ал соңғы жолдаманы Ералхан Айкөз ұтып алды. Айта кетейік, әлем чемпионы Батыр Бексауыт көшпенділер ойындарына тікелей жолдама алған еді.
Осылайша жамбы атудан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы:
Еске сала кетейік, теңге ілу мен жамбы атудан 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиыны 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?