Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰзынағаш ауылында арықтардың тазартылмауынан аулаларды су басты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2023 жылғы 7 ақпан күні сағат 17:12-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Наурызбай батыр көшесінде ауланы су басқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Бұл жерге Ұзынағаш ауылының №4 өрт сөндіру бөлімінің жедел тобы шықты.
Аулаларды су басу жеке үйлертұрғындарының осы көше бойындағы арық жүйесін тазалау жұмыстарын жүргізбеу салдарынан орын алды, оларға жақын арада арықтарды қоқыс пен қардан тазарту ұсынылды.
Шақырту орнына келгеннен кейін қардың еруінен тұрғын үйдің ауласын еріген су басу қаупі бар екені анықталды. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен ұзындығы 40 метр көше бойында 20 тонна инертті материалдар төселді, сондай-ақ жертөледен 0,2 текше метр су сорылды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінен 5 қызметкер мен 2 техника (1 бірлік - мотопомпа), 30 әскери қызметші, 1 бульдозер, ТЖМ №28237 әскери бөлімінен 2 Камаз, 10 қызметкер және жергілікті атқарушы органдарынан 2 техника жұмылдырылды.
Төтенше жағдайлар департаменті еріген суларды арық желілері арқылы кедергісіз өткізуді ұйымдастыру мақсатында жеке сектор тұрғындарынан жеке аумақтарда, сондай-ақ үйлерге іргелес учаскелерде орналасқан арықтарды тексеруді және тазартуды талап етеді. Тұрғын үйлерді су басып қалмас үшін арық желілерінің қоқыспен бітелуіне және арық желісіне қардың төгілуіне жол бермеуіңізді кеңес береміз.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?