30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстана қаласында 11-12 қараша күндері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы мен «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығында сағат 13:00-18:00 аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Үздік жоба идеялары» байқауы өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
Байқау ұйымдастырушылары – «Астана қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті.
Байқаудың мақсаты мен міндеті – парасаттылық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» идеологиясын ілгерілету, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмылдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобалардың идеяларын іздеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау.
Комиссия ұсынылған идеяларды 3 критерий бойынша бағалайды: өзектілігі, тиімділігі, ерекшелігі.
Байқау жеңімпаздарына диплом және ақшалай сертификаттар табысталады.
Марапаттау рәсімі Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған форумда өтеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды