Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлордада «Үздік педагог-2022» республикалық байқауында жеңімпаз атанған 64 мұғалім марапатталды, деп хабарлайды El.kz
Салтанатты марапаттау рәсімінде ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектептер мен колледждердің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді табыс етті.
«Бүгін жыл сайын өтетін «Үздік педагог-2022» байқауының қорытындысын шығардық. Бұл педагогтеріміз үшін өте маңызды оқиға. Себебі, бұл оларды әріптестерінің де мойындауы саналады. Биыл байқаудың бірқатар ерекшелігі болды. Біріншіден, бұрын конкурсқа қатысушы туралы шешімді мектеп директоры қабылдайтын. Яғни, мектеп кандидатты ұсынып, одан кейін білім беру бөлімдері деңгейінде іріктеу өтетін. Ендігі уақытта әр педагог өз кандидатурасын ұсына алады. Екіншіден, әріптестеріміз өтінімдерінің қандай кезеңде тұрғанын, қанша балл алғанын қадағалау мүмкіндігін алып отыр», - деді Асхат Аймағамбетов.
Оның дерегінше, биыл байқауға 5,5 мың педагог өтінім берген.
«Әріптестеріміздің барлығы республикалық кезеңге өткенімен олардың ішінен ең үздік 120 педагог іріктеп алынды. Олар елордаға келіп, өздерінің ашық сабақтарын көрсетті. Соның қорытындысында жетекші әдіскерлеріміз ең үздіктерге дауыс берді. Олар – 64 педагог», - деді министр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары