6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогы алдында соңғы жаттығуларын пысықтап жатыр. 18 қыркүйекте қазақстандықтар ширек финалда АҚШ құрамасымен кездеседі. Бұл ойын екі команда арасындағы алғашқы ресми кездесу болмақ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Осы орайда құраманың көшбасшысы Елена Рыбакина алдағы матчқа қатысты ой-пікірін ортаға салды.
Қазақстандық теннисшінің сөзінше, дайындық ойдағыдай.
Барлық турнирге бірдей дайындаламын. Америкада көп матч өткіздім, оның өз пайдасы бар. Нью-Йоркте аздаған жарақат алдым, сондықтан қалпыма келу үшін үзіліс алуға тура келді. Бірнеше күннен бері осындамыз. Алда әлі екі күн бар, сондықтан бәрі қалыпты, - деді Рыбакина.
Қарсыластарға тоқталған теннисші АҚШ құрамасының деңгей өте жоғары екендігін айтты.
АҚШ әлемдегі ең мықты командалардың бірі. Пегулаға талай рет қарсы келдім. Наварромен де оңай болған жоқ. Әрине, командалық жарыстың өз ерекшелігі бар, қысым да, психология да басқаша. Дегенмен бізде де мүмкіндік бар, үздік нәтиже көрсетуге тырысамыз, - деді Рыбакина.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі