Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыМедицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасындағы «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Сүлейман Гандалиев «Үздік ауыл дәрігері» номинациясының жеңімпазы болып анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Медицина маманы 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген сәттен бастап өзін ауыл медицинасына арнаған. Бүгінде ол Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Қарағанды дәрігерлік амбулаториясының дәрігері болып жұмыс істейді.
Ондаған жылдар бойы жұмыс істеген ауыл дәрігері өз ауылдастарының үлкен құрметіне ие болды және өз ауданында өмірді сақтайтын нағыз қаһарманға айналды. 2021 жылы Сүлейман Гандалиев жоғары біліктілігі мен медицина ісіне адалдығы үшін «Шапағат» медалімен марапатталған,-деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінен.
Айта кетейік, ведомство биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізуде және әрбір жеңімпазға өз номинациялары бойынша материалдық көтермелеу ретінде 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы көзделген.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды