22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБүгін үздік ауыл әкімдері марапатталды. Республика бойынша 17 ауыл басшысы үздік деп танылды. Олар өздерінің ауылды көркейтуге, халықтың жағдайын жақсартуға арналған әлеуметтік жобалары арқылы іріктелген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Конкурс қорытындысы бойынша Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейітов «Үздік ауыл әкімі» атанды. Екінші орынды Павлодар облысы Успен ауданы Новопокровск ауылдық округінің әкімі Вячеслав Симоненко, үшінші орынды Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Әбшанов иеленді.