12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік6 сәуір күні Рим Папасы Франциск ауруханаға жатып шыққан соң алғаш рет жұрт алдына шығып, Әулие Петр алаңында жиналған сенушілермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
88 жастағы понтификті мүгедектігі бар адамдарға арналған арбамен алып шықты. Ол христиандықтың мерейтойы аясында ауру мен қиындық көріп жүрген жандарға арналған месса аяқталған соң жиналған қауым алдында сөз арнады.
Vatican News жазуынша, Францисктің дауысы әзер шыққанымен, ол сенушілерге сәлем берген. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған еді, бронхит өкпе қабынуына айналып, тіпті оның өміріне қауіп төніп тұрғаны айтылған.
Католик шіркеуінің басшысы ауруханаға 14 ақпанда түскен, ал 24 наурыз күні ол ауруханадан шықты.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер