Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліДүниежүзілік бала емізу апталығы аясында ЮНИСЕФ және ДДСҰ нәрестелерді емізуді насихаттауға шақырады, деп хабарлайды EL.KZ.
Халықаралық ұйымның бастамасы бойынша, жыл сайын әлемнің 170 елінде, соның ішінде Қазақстанда 1-7 тамыз аралығында Дүниежүзілік ана сүтімен емізу апталығы атап өтілді, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – ана сүтінің пайдасы туралы әйелдерді ақпараттандыру. Нәрестені емізудің пайдасы туралы №1 Көпбейінді қалалық ауруханасы Ана мен бала бөлімшесінің Аға неонатолог дәрігері Айгүл Оңғарбекова айтып берді.
Сәби дүние есігін ашқанда алғаш рет ана сүтін емеді. Нәресте үшін ана сүтінің орны бөлек. Омырауды емгенде ана мен бала арасында эмоционалды байланыс бекиді. Ол балаға деген қорғаныс, тыныштандыру сезімін білдіреді. Сол сияқты нәрестенің ағзасына керекті микроорганизмдер, ферменттер, иммуноглобулиндер түседі. Ал бала емізудің ана үшін пайдалы жағы – ерте қан кетуден сақтайды, босанғаннан кейін физиологиялық тұрғыда тез қалпына келуіне пайдасы тиеді. ДДСҰ-ның зерттелген мәліметтеріне сүйенсек, омырау емген баланың иммунитеті жоғары болады. Омырау ембей өскен баламен салыстырғанда 2,5 есе аз ауырады. Ал мектеп жасындағы балалардың IQ көрсеткіші жоғары болады, - дейді дәрігер.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс