Тұрақсыз ұйқы – жай ғана зиянды әдет емес, денсаулыққа тікелей қауіп төндіретін фактор, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Пекин университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді. Олар Британ биобанкіне тіркелген 90 мыңға жуық адамның мәліметтерін талдап, ұйқы тәртібі мен 172 түрлі ауру арасындағы байланысты анықтады.
Зерттеу нәтижелері Health Data Science ғылыми журналында жарияланды.
Ұйқы ұзақтығы емес, тұрақтылығы маңызды
6,8 жылдық актиграфиялық (яғни ұйқы мен физикалық белсенділікті объективті бақылау) мәліметтерді талдау нәтижесінде ғалымдар мынаны анықтады:
Бұл аурулардың қатарында жүрек-қан тамырлары, психикалық және қабыну аурулары да бар.
Бұған дейін 9 сағаттан артық ұйқы денсаулыққа зиян делінетін. Алайда жаңа деректер бұл пікірді жоққа шығарады. Ғалымдар ұзақ ұйықтайтындардың 20%-ы шындығында 6 сағаттан аз ұйықтайтынын, қалған уақытты төсекте көзі ілінбей өткізетінін анықтады.
Осыған байланысты профессор Шэнфэн Ван:
Маңыздысы — қанша сағат ұйықтайтынымыз емес, ұйқы режимінің тұрақтылығы, – деп атап өтті.
Зерттеу нәтижелері АҚШ-тағы деректер негізінде расталды. Енді ғалымдар ұйқыны жақсартудың созылмалы ауруларға қалай әсер ететінін зерттемек.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұйқы бұзылысы мен аурулардың арасында қабыну (воспаление) негізгі биологиялық көпір болуы мүмкін.