Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары30 жастағы әйел ұйқыдан жылап оянғаны үшін 6 жасар қыздың аяқ-қолын байлап, ұрып-соғып, артынан су толы ваннаға тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жантүршігерлік оқиға Шымкентте 2024 жылы болған. Әйелдің қатты соққысынан балақай есінен танып құлаған. Соңында ол туған әпкесінің баласын су толтырылған ваннаға жатқызып, тұншықтырып өлтірген.
Айыпталушы сотта қасақана жасаған әрекетін мойындамай, тіпті жеңіл жаза беруді сұраған.
Прокурор Қ.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын және жеңіл жаза тағайындауды сұрады, – делінген Шымкент қалалық сотының хабарламасында.
Сот қылмыскер әйелдің жеңілдік сұраған өтінішін қабылдаған жоқ. Оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Енді ол 50 жасқа дейін жазасын қатаңдығы орташа мекемеде өтейді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар