Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАтырауда өткен бір тойда қонақтар күйеу жігітке ерекше сый жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Ақжайық» порталының дерегінше, олар Counter-Strike 2 ойынындағы сирек кездесетін виртуалды Butterfly Knife Doppler пышағын тарту етті.
Мұндай заттың цифрлық нарықтағы бағасы шамамен 7 миллион теңгеге дейін барады.
Халық арасында «пышақ сыйлауға болмайды» деген ырым бар, бірақ қонақтарды бұл жайт тоқтата алмаған, ал күйеу жігіт виртуалды сыйлыққа шын қуанған тәрізді. Тек цифрлық әлемде ғана бар геймерлік артефакт көптеген материалдық сыйлықтардан да қымбат болып шықты.
Тойға қатысушылар сыйлық табыстау сәтін видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Бейнежазба әлеуметтік желілерде жылдам таралып, геймерлер мен қолданушылар арасында қызу талқылауға себеп болды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар