Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖамбыл облысының тұрғыны үйінде тыйым салынған кітапты сақтаған. Сот қаулысымен оған айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында ауылдардың бірінің тұрғынына қатысты тыйым салынған әдебиеттерді заңсыз сақтау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.
Сот материалдарына сүйенсек, құқық қорғау органы қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында 41 жастағы ер адамның үйінде діни кітапты заңсыз сақтау фактісін анықтаған. Бұл кітапты Қазақстан аумағында қолдануға және таратуға тыйым салынған.
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйінен табылған кітапты сақтағанын және оның тыйым салынған кітап екенін білгенін растады.
Ер кісі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 453-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 258 мың теңге айыппұл салынды. Қаулы күшіне енген соң кітап жойылуға жатады.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?