Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлді дүрліктірген ақпаратқа байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері осындай жауап берді. WhatsApp арқылы «Ашық НҚА» порталындағы бұйрыққа қарсы дауыс беруге үндейтін хабарлама таратылған болатын.
Тарап жатқан хабарламаға сенсек, бұл бұйрықта үйі мен көлігі жоқ ата-аналардың балаларын тартып алып, шетелге жіберуге мүмкіндік беретін норма жазылған көрінеді.
Ведомоство өкілдері мұны жоққа шығарып отыр. Мәселенің бәрі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының жобасына байланысты болып отыр.
Бұл құжат қоғамдық талқылауға шығарылған. Бұл әдіснама Қазақстандағы Біріккен Ұлттар ұйымының даму жөніндегі бағдарламасымен бірлесіп дайындалған және мұқтаж жандарға тиімді әрі проактивті режимде көмек көрсетуге қажет.
Демек, осы әдістемені енгізгеннен кейін азаматтар тиісті ведомостволарға арызданбай-ақ әлеуметтік көмек ала алады деген сөз.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отбасының әл-ауқаты ақпараттық жүйедегі деректерге сүйене отырып автоматты түрде анықталатынын мәлімдеп отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары