Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары35 жастағы ер адам тұрғын үйлердің біріне ұрлыққа түсіп, 10 млн теңге тұратын алтын бұйымдарды үптеп кеткен. Оқиға Атырау қаласында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, күдікті пластикалық терезені белгісіз затпен ығыстырып ашу арқылы үйге кірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы - 10 млн 327 090 теңге.
Тексеру барысында ер адамның қолды еткен алтындарды қала аумағында орналасқан әртүрлі ломбардқа тапсырғаны анықталды. Жәбірленуші ломбард мекемелерінен заттай дәлелдеме ретінде алынған 7 дана алтын бұйымдарды өзінің үйінен ұрланған зат екенін растады.
Қазіргі таңда №2 Атырау қалалық полиция бөлімінде кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар