12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікОралдағы дәмханада қайтыс болған үш адамның аты-жөндері белгілі болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Олар жер қойнына тапсырылды. Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында 32 жастағы Руслан Қаржаубаев жерленді. Оның артында екі баласы қалды. Ол дәмханаға досымен тамақтануға барған. Жарылыс кезінде екі бетонның ортасында қысылып қалыпты. Төтенше жағдайдан тірі қалған досы қазір жарақат бөлімінде емделіп жатыр
Жарылыстан қаза болғандардың бірі студент Ерхан Тоқбаев та дәмханаға тамақ ішу үшін келген. Ол Шыңғырлау ауданындағы Алмазное ауылында жер қойнына тапсырылды. Осы оқыс оқиғада қаза тапқан үшінші адам бір үйдің жалғыз қызы 19 жастағы Маргарита Мұхаметжанова. Осы мекемеде даяшы болып жұмыс істеген. Маргаританы 6 қаңтарда Бәйтерек ауданындағы Достық ауылында жер қойнына тапсыды.
Соңғы ақпарат бойынша дәмхананы жалға алған адам ұсталып, қамауға алынды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер