Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМәжілісте Салық кодексінің жаңа жобасы бірінші оқылымда таныстырылды. Жобаны премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин түсіндіріп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, енді шағын және орта бизнеске арналған арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл режим оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі деп аталады.
Кіріс лимиті бұрынғыдай 600 мың айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде сақталады. Қызметкерлер саны бойынша шектеулер алынып тасталады. Салық мөлшерлемесі – 4%, ал жергілікті мәслихаттар бұл мөлшерді 50%-ға дейін төмендетуге құқылы, – деді Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, Үкімет бұл режимді тек нақты қызмет түрлеріне қолдануды ұсынып отыр. Негізгі шарт – тек B2C (бизнес-тұтынушы) операцияларына рұқсат беріледі.
Ал B2B (бизнес-бизнес) операциялары тек осы арнайы режим шеңберінде жүзеге асырылуы керек. Егер жалпыға ортақ салық режиміндегі кәсіпкер арнайы режиммен жұмыс істейтін кәсіпкерден тауар немесе қызмет сатып алса, ондай шығындарды шегеруге құқығы болмайды, – деп түсіндірді ол.
Қандай қызмет түрлеріне бұл режим қолданылатынын Үкімет бекітеді. Осылайша, «үй жанындағы» дүкендер, шаштараздар және халыққа тікелей қызмет көрсететін шағын кәсіпкерлер осы талаптарға сәйкес келіп, қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босатылады.
Оларға еш алаңдаудың қажеті жоқ, – деді Жұманғарин Мәжілісте.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар