Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсеміз америкалық отбасы асырап алған жігіттің далада қалғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның сөзінше, Сұлтан Кәрімов 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 3 жасында америкалық отбасы асырап алыпты.
«Шетелдегі қазақ балалалары» бағдарламасына түскен баламыз қазір өмірдің ауыртпалығын тартып жүр. Үй-күйсіз далада түнеп жүр екен. Тұратын жері жоқ. Асырап алған адамдардан қайыр жоқ. Сұлтан бұған дейін Нью-Йорктегі белді университетке түскен еді. Алайда тұрмыс тапшылығынан оқуына бара алмай жүр. Өзі өте білімді, талантты жігіт. мүмкін біздің қолдауымыздан кейін аяғынан тұрып кетер, - деп жазды жоба авторы.
Америкалық отбасы Сұлтанмен бірге, тағы бір ұл баласын асырап алған. Оның америкалық ата-анасы қойған есімі — Ноа Маршалл.
2002 жылы мені АҚШ-қа алып кетті. Өзімнен бір жас кіші інім бар. Оны да сол балалар үйінен асырап алған. Асырап алған ата-анам мен сегіз жасқа келгенде ажырасып кетті. Сөйтіп екі үйдің арасында өстік. Интернеттен ата-анамды іздедім. Анамды табатын шығармын деген үміт болады. Құжаттарда туған әкем қайтыс болғаны жазылған. Шын ба, өтірік пе білмеймін, - дейді Сұлтан Кәрімов.
Жанар Байсеміз далада қалған Сұлтанға көмек көрсету үшін, реквизит ұсынды. Қазіргі уақытта 600 мың теңгедей қаражат жиналған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?