23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында бір топ адамның жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркеу фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, ХҚКО қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізгені анықталды.
Осылайша, олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген. Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген. Күдіктілер мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды, сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, - делінген мәліметте.
Күдіктілердің мүлкіне 42 млн теңге көлемінде тыйым салынды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік