Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан сөз сөйлеген Әділбек Бектібаев министрліктің утильалымға қатысты педицияны қанағаттандырудан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қоғамдық тыңдау утилализациялық алымды алып тастау бойынша 50 мың қол жинаған петицияға қатысты өткізілді.
Петицияда көрсетілген уәждердің шындыққа жанаспайтынын, сондай-ақ шешім жобасын жария талқылау барысында өзге негіздемелер ұсынылмағанын ескере отырып, петицияны қанағаттандырудан бас тартатынымызды хабарлаймыз! - деп түсіндірді Интеграция және халықаралық қатынастар департаментінің директоры, министрліктің ресми өкілі Әділбек Бектібаев.
Мұндай шешімнің қабылдануын түсіндіріп өткен ол, елге техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін ескі көліктерді кіргізбеу қажеттігін алға тартты. Сол арқылы қоршаған ортаға деген зиянның әсерін азайта аламыз деген ойда.
Сондай-ақ Әділбек Бектібаев ЕАЭО аумағына 7 жылдан асқан көліктерді әкелуге тыйым салу, жеке тұлғаның жиынтық кедендік төлемді төлей отырып, бірінші жыл ішінде жеке пайдалану үшін біреуден артық авто әкелуіне тыйым салу, басқа мемлекеттерден әкелінетін көлік құралдарын басқа мемлекеттерде сәйкестігін бағалауға жол бермеу және мемлекеттік бақылауды күшейту сияқты қабылданатын шараларды айқындап берді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары