22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҮкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтан тілшілер «утильалымды алып тастасын» деген петицияға қарсы петиция басталғанын айтып, оған министрліктің қатысы бары-жоғын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БАҚ өкілі қол қойғандардың саны таңертең 10 мыңға жеткенін айтты. Аталған сауал бойынша министр Шарлапаев екінші петиция утильалымға қарсы жарияланбағанын атап өтті. Мен екі петицияны да оқыдым. Бірі утильалымды алып тастауға бағытталса, екіншісі Қазақстан өнеркәсібінің дамуына арналған петиция. Бұған ешқандай министрліктің қатысы жоқ. Ең алдымен мен осындай демократиялық принципті ұстайтын механизм петицияға сенемін. Ал утильалымға қарсы шыққан петицияға 50 мың дауыс жиналса, мұны заң бойынша қарастырамыз. Басқа петция да осындай қол жинаса, оны да қарастыру қажет, – деді Шарлапаев.
Министр тағы да екінші петицияның ешқандай утильалымға қарсылығы жоқ екенін жеткізді. Осы ретте тілші: «Егер өнеркәсіпті қолдап тұрған петиция 50 мыңнан асса, мұның утильалымға қатысты шешімді қабылдауға нақты қатысы бола ма?» деп сұрады.
Бұған дейін министр утильалымды алып тастаса, Қазақстан өнеркәсібі дамымай қалатынын қаржының барлығы сол өнеркәсіпті қолдауға жұмсалып жатқанын айтқан еді.
Утильалымның ең басты мақсаты – ескі көліктің Қазақстанға келуін тоқтату. Қоғамдық тыңдалымның арасында екінші петицияның қандай нәтиже беретіні әлі белгісіз. Бірінші петицияның нәтижесі де белгісіз болып отыр. Тікелей қатысы бар ма, жоқ па оны заң бойынша қарастырамыз. 24 мамырдан 5 шілдеге дейін қол қойылған петиция бойынша заңға сәйкес пікір айтуымыз қажет, – деді өнеркәсіп және құрылыс министрі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев