Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыУтиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы Қостанайға барды. Осыған дейін Жұмыс тобының отырыстарына қатыспаған петицияның бастамашылары мен белсенділері «МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС зауытын аралауға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жұмыс тобының құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ, өкілдері, сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдерінің бар екенін еске саламыз.
«МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС – «BELARUS» маркалы тракторлар шығаратын кәсіпорын. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 3000 трактор шығаруға есептелген. Кәсіпорын ауыл-шаруашылық тракторларының 20 түрін шығарады.
Жұмыс тобының қатысушылары өндіріс барысымен танысу үшін зауытты аралады. Топтың толық құрамы тракторды құрастыру барысын басынан бастап бақылағанын айта кеткен жөн.
Жұмыс тобы осыдан кейін «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «Allur», «KamLitKZ» ЖШС зауыттарына, сондай-ақ «Қостанай автомобиль көлігі колледжіне» баруды жоспарлап отыр.
Жұмыс тобының зауытқа баруы туралы видеоның толық сілтемесі Министрліктің әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды