Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекUtebayev University-де мұнай-газ саласына жоғары білікті кадрлардың жаңа буынын даярлау, ғылыми-зерттеу базасын нығайту бағытындағы жұмыстар өндірістік кәсіпорындармен серіктестікте жүзеге асып келеді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше «Schlumberger» компаниясы өкілдерімен кездесуде университетке пайдалануға берілген бағдарламалық кешендерді жаңарту, бірлескен жобаларды қолға алу мәселелері талқыланды.
Соңғы үлгідегі бағдарламалық кешенді пайдалану оқу орнына мұнай-газ саласындағы технологиялық трендтерден хабардар болуға, сол арқылы білім сапасының артуы мен түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауына ықпал етеді.
Мұнай-газ факультетінің «Кен орындарын игеру», «Геология және барлау» мамандықтарының білім алушылары бірнеше жылдан бері ECLIPSE, OLGA, PETREL технологияларын пайдалануда. Геологиялық деректерді интерпретациялау, кен орындарын геологиялық және гидродинамикалық модельдеу, бұрғылау жұмыстарын жобалау, бұрғылау деректерін мониторингтен өткізу және басқару жөніндегі түрлі бағдарламалық кешендер студенттер мен оқытушыларға қолжетімді болып отыр.
«Schlumberger» компаниясының Қазақстан мен Өзбекстандағы бас директоры Марина Тринка Веспан және менеджер Дилан Питер Томас, сондай-ақ SPE Atyrau Section төрағасы Маржан Бисембаева кездесуден кейін университет кітапханасына мұнай-газ саласына қатысты оқу құралдарын табыстады.
«Студенттер геология, геофизика, мұнай кен орындарын игеру және модельдеу саласындағы міндеттерді шешу үшін бағдарламалық кешенді тиімді қолдана білуі маңызды. Сұранысқа ие бағдарламалық технологиялар мен оқу құралдарын ұсыну арқылы университеттегі білім беру процесін жетілдіруге қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар студенттер біздің компаниямызда халықаралық өндірістік тәжірибеден өтеді», - дейді Марина Тринка Веспан.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?