Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліПарижде мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттонемен кездесіп, «Үстірт» аралас мұра объектісінің номинациялық құжаттамасын табыстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан Дүниежүзілік мұра орталығына алдын ала бағалау үшін және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу мақсатында тапсырылды. Номинациялық құжаттама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен дайындалды. Мемлекет басшысы еліміздің бірегей тарихи-мәдени және табиғи нысандарын халықаралық деңгейде насихаттау қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын.
Айрықша атап өтерлігі, аралас мұра объектісі посткеңестік елдер тарихында алғаш рет ұсынылып отыр. Үстірт – археологиялық ескерткіштер, дәстүрлі аңшылық тұзақтар-араны және табиғи тұтастықта үйлескен қайталанбас мәдени әрі табиғи ландшафт. ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттоне Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықтағы белсенді ұстанымына ризашылығын білдіріп, ұсынылған бастаманың аса маңызды екенін атап өтті.
Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс