Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҮстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Smash 2025 халықаралық турнирін аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰОК мәліметінше, іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында қазақстандық спортшы Мальта өкілі Амирреза Аббасиден басым түсті. Одан кейін ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері, швециялық Маттиас Фалькты 3:2 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Үшінші айналымда Кирилл командалық сайыста Әлем кубогының қола жүлдегері, англиялық Томас Джарвисонды 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың негізгі кезеңіне шықты.
Өкінішке қарай, 1/32 финалда отандасымыз Олимпиада ойындарының жүлдегері Симон Гозиге (Франция) 0:3 есебімен жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар