22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды25-29 қазан аралығында Астанада үстел теннисінен жылдың ең ауқымды әрі беделді спорттық оқиғасы – ҚР Президентінің алғашқы ашық кубогы (President’s Open Cup) өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарыс Beeline Arena спорт кешенінде Nomad Table Tennis Academy ұйымдастыруымен, Туризм және спорт министрлігі және Қазақстан үстел теннисі федерациясының қолдауымен өткізіледі. Демеушілер Aspan Holding және VD Stroy Engineering компаниялары.
Турнирдің жалпы сыйақы қоры 115 000 АҚШ долларын құрайды.
Жарысқа 250-ден астам спортшы, 50-ге жуық бапкер және 30 төреші қатысады. Қатысушылар қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды өңірлерінен, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Қытай, Венгрия, Мысыр, Малайзия, Иран және Сауд Арабиясы сияқты елдерден келген теннисшілер бар.
Жарыс санаттары
Турнир жеке және командалық жарыс түрлерінде төрт санат бойынша өтеді:
U-11 – 2014 жылы туғандар және 11 жасқа дейінгілер;
U-16 – 2009 жылы туғандар және 16 жасқа дейінгілер;
Open 17+ – 2008 жылы туғандар және одан үлкендер;
Team event – командалық сайыс.
Турнирдің ең көптен күткен және ерекше сәті – әлемдік үстел теннисінің аңыз тұлғалары қатысатын шоу-матч. Астанада бір сахнада өнер көрсететін жұлдыздар:
Xu Xin (Қытай) – үстел теннисінен әлемнің экс-бірінші ракеткасы;
Fang Bo (Қытай) – әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
Werner Schlager (Австрия) – әлем чемпионы (2003);
Joo Sae-hyuk (Корея) – әлем және Олимпиада жүлдегері.
Ел намысын қорғайтын жетекші спортшылар қатарында: Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ескендір Харки, Зәуреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Көшкімбаева және Әнел Бақыт бар. Олардың қатысуы турнирдің деңгейін арттырып, жас буынға үлкен шабыт сыйлайды.
Жарыс кестесі:
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев