30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ата-аналарды мұғалімдердің жеке уақытына құрметпен қарауға шақырды. Оның айтуынша, ұстаздарға жұмыстан кейін хабарласуға қатысты ортақ әдеп нормаларын қалыптастыру қажет.
Министр бұл ұсыныстың нақты бір уақытқа тыйым салуды көздемейтінін атап өтті. Өйткені кейбір мектептерде екінші ауысымдағы сабақтар кеш аяқталады.
Негізгі үндеуім – ұстаздарды болмашы мәселелермен жұмыс уақытынан кейін мазаламау. Олардың да жеке өмірі, белгіленген жұмыс уақыты бар. Сонымен қатар мұғалімдер келесі күнгі сабаққа дайындалып, эмоциялық тұрғыдан тынығып, күш жинауы керек. Сондықтан бұл мәселені ата-аналар қауымдастығы мен жалпы қоғамға үндеу ретінде көтердім, – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министрдің мәліметінше, биыл мектеп табалдырығын 4 миллион 100 мың бала аттаған. Елде 8 миллионға жуық ата-ана болса, ұстаздар қауымының саны 420 мыңға жетеді. Осыған байланысты мұғалімдердің жұмыс жүктемесі мен демалыс уақытына қатысты ата-аналардың да жауапкершілігі болуы қажет.
Қандай жағдайда мұғалімге шұғыл хабарласу керек, ал қандай мәселені келесі күнге қалдыруға болады? Осыған қатысты ортақ регламент пен жаңа әдеп қағидаларын бірлесіп әзірлейміз деп ойлаймын, – деді оқу-ағарту министрі.
Біз бұған дейін колледж студенттерін не күтіп тұрғаны туралы жазған едік.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды