1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді21 қазан күні Қазақстанның 14 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірдің бірнеше бөлігінде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейіп, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанады.
Маңғыстау, Қызылорда облыстарында да жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында күндіз жел күшейіп, батысында екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі. Абай өңірінің оңтүстігінде желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтөбе облысында да қатты жел мен жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман, ал кей өңірлерінде желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында түнде және таңертең тұман түсіп, кей жерлерде өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында түнде және таңертең тұман түсіп, сынап бағаны 1-3 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде үсік жүруі мүмкін.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?