Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек15 қазанда еліміздің ауа райын антициклон мен атмосфералық фронттар айқындайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Мекеменің болжамына сәйкес, бүгін ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Антициклонның әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады, ал атмосфералық фронттардың ықпалымен республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Ел аумағында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл мен тұман күтіледі.
Сонымен қатар Жетісу облысында түнде -2…-7°С дейін үсік жүруі мүмкін.
«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары және ерекше жоғары деңгейде сақталады:
Жоғары өрт қаупі күтілетін өңірлер:
Маңғыстау облысында,
Атырау облысының солтүстік-шығысында,
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында,
Жамбыл облысының орталығында,
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында,
Алматы облысының батысында,
Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында,
Ұлытау облысының шығысы мен орталығында,
Абай облысының оңтүстігінде.
Өте жоғары өрт қаупі күтілетін өңірлер:
Қызылорда және Түркістан облыстарында,
Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында,
Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде,
Ақтөбе облысының батысы мен солтүстік-шығысында,
Алматы облысының солтүстігінде,
Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде,
Ұлытау облысының оңтүстігінде.
Синоптиктердің айтуынша, бұл кезеңде ауа райы құбылмалы болып, жел мен тұман жиі қайталануы мүмкін.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес