23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық базаларында тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен оқу-жаттығу ұшулары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқу-жауынгерлік ұшулар кезінде жойғыш-ұшқыштар әуе ұрысын жүргізу, әуе нысаналарын қолға түсіру тәсілдерін пысықтап, күрделі және жоғары пилотаж фигураларын орындады. Сондай-ақ зымыранды-бомбалық соққыларды қолданудың жаңа тәсілдері пысықталды.
– Әуе қорғанысы күштерінде оқудың қазіргі кезеңінде жауынгерлік даярлықтың қарқыны едәуір өсті. Тиісінше, экипаждың ұшу сағаттары да артты. Су-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшқыш тапсырмаларын орындау кезінде маневрлік әуе ұрысының элементтерін пысықтауға, шабуылдау және қорғаныс әрекеттеріне ерекше назар аударылды, – деп түсіндірді 50185 әскери бөлімі авиациялық эскадрильясының командирі подполковник Ахмади Оразғали.
Ұшу күндіз-түні әр түрлі метеорологиялық және климаттық жағдайда жүргізілді. Ұшу, қону минималды аралықтар мен қашықтықтарда екі ұшақпен және жеке жүзеге асырылды.
Әрбір ұшудың алдында қамтамасыз ету бөлімшелерінің қатысуымен жерде мұқият дайындық болды. Аталған шаралар елдің әуе кеңістігін қорғайтын ұшу және инженерлік-техникалық құрамдардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік