Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕуропада бірнеше ай бойы өзін әуе кемесінің командирі ретінде көрсетіп, жолаушыларды тасымалдаған ер адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Литваның Avion Express авиакомпаниясының қызметкері жалған құжаттар арқылы командир қызметін атқарған. Кейін оның шын мәнінде тек екінші ұшқыш дәрежесіне ғана ие екені анықталған.
Ол осы уақыт аралығында Еуропаның әртүрлі бағыттарында ондаған рейсті басқарған. Бұған дейін күдікті Индонезияның Garuda әуе компаниясында жұмыс істегені белгілі.
Avion Express өкілдері бұл жағдайға байланысты былай деп түсініктеме берді:
Біз оның кәсіби тәжірибесіне қатысты күмән тудыратын ақпарат алған соң, дереу ішкі тергеу жүргізуді бастадық - деді
Сонымен қатар, күдікті Lufthansa тобына кіретін Eurowings компаниясының ұшақтарын да басқарған болуы мүмкін деген болжам бар. Eurowings баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа сәйкестігін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатқанын растады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?