Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМәскеу облысында үшінші сынып оқушысы ұзаққа созылған жөтелден кейін көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
10 жастағы Рита (аты өзгертілген) наурыздың басында тамағы ауырып, қатты жөтеле бастаған. Алайда қызда дене қызуы көтерілмегендіктен, дәрігерлер жағдайды ауыр деп санамаған. Соңында ол жөтел кезіндегі тұншығу салдарынан көз жұмды.
Дәрігерлер қыздың өкпесін тексерместен, оған жай ғана суық тию диагнозын қойған және Тонзилгон дәрісін ішуді ұсынып, бір аптаға үйде қалуды тапсырған. Бірақ оның жағдайы жақсармады. Демалыс күндері анасы оны әжесіне жіберді, алайда қыздың халі нашарлап, таңертең жөтел кезінде тұншығып қалған. Жедел жәрдем жеткенше, Рита көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол қақырыққа тұншығып қалған. Қыздың өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?