Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Астананың кейбір көшелерінде қозғалысқа шектеу енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылғы 27-28 қарашада елорданың кейбір учаскелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - делінген мәліметте.
Себеп – шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысын дайындау және өткізу.
Негізінен шектеулер:
«Есіл» (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғ., Достық, Керей-Жәнібек хандар к-рі.);
«Нұра» (Тұран, Ұлы Дала даңғ.);
«Алматы» (Тәуелсіздік даңғ., Ж.Нәжімеденов, Қ.Аманжолов к-рі.) аудандарына қатысты болады.
Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді, – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар 27 қарашада Астана қаласының аспанында ҚР ҚМ майдан авиациясының ұшуы жоспарланған.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп қосты ведомство.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары