23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстандық әйелдер Түркия бағытындағы ұшақта төбелес шығарды. Жанжалдың өршігені соншалық, экипаж командирі ұшақты қондыруға мәжбүр болған. Бұл туралы madeniportal.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қатты айқаймен басталған келіспеушіліктің соңы төбелеске ұласқан. Сондықтан Pegasus Airlines әуе компаниясының Астана-Анталья бағытындағы рейсі шұғыл түрде Түркияның Эрзурум қаласындағы әуежайға қонған.
Төбелеске қатысы бар 4 адам ұшақтан түсіріліп, медициналық тексеруден өткенін түркиялық БАҚ жазды. Кейіннен қос тарап қалалық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, бір-біріне шағым түсірген.
Енді қазақстандық әйелдерге 54 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін. Clash Report мәліметі бойынша, оқиғаға байланысты жоспарланбаған қону мен қайта жанармай құю үшін әйел кісілерге 120 мың доллар (54 миллион теңге) айыппұл салынады, - делінген басылым мәліметінде.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік