12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы әуеде ұшып келе жатқан кездегі ауызашар уақыты туралы ақпарат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі сәтте көпшілік қолданатын намаз уақыттары мен Рамазан айына арналған ораза тұту кестелерінде белгіленген күннің батуы тек жазықты жер үстінде жүргендер үшін арналған. Себебі жер шарының шығыс пен батыс бөлігінде түн мен күннің алмасу уақыттары әртүрлі болатыны сияқты, жерден жоғары қарай биіктеген сайын күннің бату мезгілі өзгереді. Ғалымдар бұл мәселеде Александрия қаласында болған тарихи мұнараның биіктігіне сай үкім берген. Яғни, қазіргі таңда шамамен 50 қабатты биік ғимараттардың және таудың басында тұрған адам өзінен төменгі жазық жердің ауызашар уақытына қарап ауыз ашуы дұрыс болмайды. Мұндай жағдайда ораза тұтушы ең алдымен күннің батқан сәтін анықтап, ауыз ашу уақытын нақтылағаны жөн, - делінген ҚМДБ сайтында.
Сондықтан биіктікте ұшып бара жатқан ұшақ жолаушылары күн толық батқаннан кейін ауыздарын ашады. Ал күннің батуын көру мүмкіндігі болмаса түн қараңғылығы көріне бастаған уақыттан бастап аузын ашқаны дұрыс болады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер