23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астана әуежайында Тәжікстан азаматына айыппұл салынды. 22 жастағы жас жігіт ұшақ дәретханасында темекі тартқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 5 қыркүйекте «Минск-Астана» бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыны ұстаған.
Тексеру барысында аталған азаматтың әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккені анықталды. Шетелдік азамат ұшақ бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК, яғни, 184 600 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.
Ведомство басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 8 айында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 860-тан астам құқық бұзушы жолаушылар пойыздары мен ұшақтардан түсірілген. Оның ішінде 486-сы жолаушылар пойыздарынан, 376-сы әуе көлігінен акт бойынша түсірілгенін. Ал жалпы жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 63 098 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік