20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШетелдік азамат ұшақ бортында тәртіп бұзғаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараз қаласының әуежайына Дакка-Внукова бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, әуекомпания өкілдерінің актісі бойынша рейстен түсіріп алды.
Тексеру барысында көлік полицейлері Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматын анықтады. Ер адам ұшу кезінде мас күйде болып, экипаждың талаптарын орындамаған және әуеакомпания қызметкерлерін балағаттаған.
Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі шеккен. Ресейлік азамат алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды және әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін 23 АЕК мөлшерінде айыппұл салына отырып және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен шетел азаматы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?