23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКөлік полициясы Моңғолия азаматына ұшақта алкоголь ішкені үшін 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2023 жылғы 14 тамызда Астана қаласы Халықаралық әуежайындағы Желілік полиция бөліміне "СКАТ" әуекомпаниясының Ыстамбұл - Астана бағытындағы әуерейсінің бортында құқықбұзушының бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Экипаж мүшелері полицейлерге жолаушы азаматтың әуе кемесінің ұшу кезінде алкогольдік ішімдік ішкенін, тіпті басқа жолаушылардың тыныштығын бұзғанын айтты. Мән-жайлар анықталғаннан кейін құқықбұзушы акт бойынша полицейлерге берілді, - делінген хабарламада.
Тексеру барысында көлік полицейлері Моңғолияның 39 жастағы азаматын анықтады. Ол кезекші бөлімге жеткізілді, медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, алкогольдік масаң күйде болғандығы белгілі болды.
Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 440-бабының 1-бөлігімен, яғни, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйінде пайда болу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады