Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҰшақта немесе әуежайда орынсыз айтылған бір ауыз сөздің соңы үлкен мәселеге ұласуы мүмкін. Әсіресе «бомба», «қару», «террорист» секілді қауіпсіздікке қатысты сөздер әзіл ретінде айтылса да, елеусіз қалмайды. Мұндай жағдайда арнайы тексеру басталып, жолаушы жауапқа тартылуы мүмкін. Көлік министрлігі осыған байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады.
Ұшақта қандай сөздерді айтуға болмайды?
Көлік министрлігінің мәліметінше, авиацияда қауіпсіздікке күмән тудыратын кез келген ақпаратқа жіті мән беріледі.
Авиацияда «бомба», «жарылғыш зат», «террорист», «қару», «ұшақты басып алу» сияқты және басқа да сөздер қауіпсіздікке қатер төнгенін білдіруі мүмкін. Кез келген ықтимал қауіп туралы ақпарат маңызды деп қабылданады, ал экипаж бен авиациялық қауіпсіздік қызметтері бекітілген процедуралар бойынша әрекет етуге міндетті, – деп хабарлады ведомство.
Министрлік жолаушыларды бомба, жарылғыш зат, қару, теракт немесе ұшақты басып алу туралы әзіл айтпауға шақырды. Сондай-ақ жолаушылар мен экипажға зиян келтіру немесе жүк пен қол жүгінде қауіпті зат бар екенін айтып қалжыңдауға болмайды.
Экипаж мұндай сөздердің әзіл немесе шын айтылғанын бірден ажырата алмайтындықтан, қауіпсіздік талаптарына сай тиісті шаралар қабылданады.
Орынсыз әзіл рейстің кешігуіне әкелді
Министрлік жақында Алматы – Ақтау бағытындағы рейсте болған жағдайды мысалға келтірді. Жолаушылардың бірі «бомба» деген сөз айтқаннан кейін оқиғаға авиациялық қауіпсіздік қызметі мен көлік полициясы араласқан.
Ер адам рейстен шығарылып, ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылды. Ал ұшақ екі сағатқа жуық кешігіп ұшқан. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Ведомствоның мәліметінше, осындай жағдайларда арнайы қызметтер шұғыл тексеру жүргізеді. Қажет болған жағдайда жолаушылар эвакуацияланып, әуе кемесі тексеріледі немесе ауыстырылады. Бұл әуежайлар мен әуе компанияларына да қосымша шығын әкелуі мүмкін.
Жалған хабар үшін қандай жаза бар?
Қазақстанда дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар берген адам қылмыстық жауапқа тартылады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес, мұндай әрекет үшін 5 мың АЕК-ке дейін, яғни 21 млн 625 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Сондай-ақ түзеу жұмыстары, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Абайсыз айтылған бір ауыз сөз тек сіздің рейсіңізді кешіктіріп қана қоймай, басқа да жүздеген жолаушы үшін қиындық тудыруы мүмкін, – деп ескертті министрлік.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес