30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКөп адамның басынан ұшақтың кешігуіне байланысты жағымсыз жағдай өткен. Біреу маңызды кездесуге асығады, енді бірі пойызға немесе келесі рейске үлгеруі керек, ал кейде бірнеше сағат әуежайда күтуге тура келеді. Мұндайда жолаушының қандай құқығы бар, билет ақшасын қайтаруға бола ма және әуе компаниясы тегін тамақ пен қонақүй беруге міндетті ме? Осы сұрақтарға жауап іздедік.
Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайға қатысты жолаушылардың нақты құқықтары бар. Оның ішінде рейс белгілі бір уақыттан ұзақ кешіксе, тегін сусын, тамақ, қонақүй және трансфер, ал кей жағдайда билет ақшасын толық қайтару мүмкіндігі қарастырылған.
Билет ақшасы бірден қайтарыла ма?
Ұшақтың аз уақытқа кешігуі билет ақшасын автоматты түрде қайтаруға негіз болмайды. Бірақ рейс тасымалдаушының кінәсінен 5 сағаттан артық кешіксе, жолаушының таңдауы бойынша әуе компаниясы оны межелі жерге ең жақын рейспен жеткізуі немесе билет құнын толық қайтаруы тиіс. Бұл ретте жолаушы заңда қарастырылған қызметтерді де ала алады.
Сондықтан әлеуметтік желіде тараған «ұшақ 30 минут кешіксе, билет ақшасы толық қайтарылады» деген ақпаратқа сене беруге болмайды.
2 сағат күтсеңіз, тегін сусын берілуі керек
Егер рейс әуе компаниясының кінәсінен кешіксе және жолаушылар екі сағаттан артық күтсе, тасымалдаушы:
Яғни әуежайда бірнеше сағат күтіп тұрып, су мен тамақты өз ақшаңызға сатып алуға мәжбүр болмауыңыз мүмкін.
Рейс 4 сағаттан артық кешіксе, жолаушыға ыстық тамақ берілуі тиіс. Одан әрі күндізгі уақытта әр алты сағат сайын, түнде әр сегіз сағат сайын ыстық тамақ ұсынылады. Бұл қызметтер үшін жолаушыдан қосымша ақша алынбайды.
Сондықтан рейс бірнеше сағатқа кешігіп, әуе компаниясы тамақ ұсынбаса, жолаушы өз құқығын талап ете алады.
Тасымалдаушы қонақ үй ұсынуы керек
Кешігу түнге ұласып, күту ұзаққа созылса, әуе компаниясының тағы бір міндеті бар. Егер жолаушы ұшуды күндіз сегіз сағаттан, түнде алты сағаттан артық күтсе, тасымалдаушы қонақүй ұсынуы керек. Сонымен қатар әуежайдан қонақүйге және кері қарай тасымалдауды да қамтамасыз етуі тиіс.
Яғни «рейс ертең ұшады, қонақүйді өзіңіз төлеңіз» деген жауап әр жағдайда заңға сәйкес келе бермейді.
Әр кешіккен сағатқа 3 пайыз
Егер тасымалдаушының кінәсінен жолаушыны межелі жерге жеткізу мерзімі кешіксе, әуе компаниясы әрбір кешіккен сағат үшін билет құнының 3 пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс. Бірақ жалпы төлем билет құнынан аспауы керек.
Мысалы, билет құны 35 мың теңге болса, әр кешіккен сағат үшін:
35 000 × 3% = 1 050 теңге.
Егер кешігуге заңда көзделген негіз болса, мысалы еңсерілмейтін күш жағдайлары, әуе компаниясы жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.
Айта кету керек, бұл ақша автоматты түрде берілмейді. Жолаушы әуе компаниясына өтініш беруі керек.
Пойызға немесе басқа ұшаққа үлгермей қалса
Мысалы, Алматыдан Таразға ұшып барып, одан әрі пойызбен басқа қалаға жетуді жоспарладыңыз делік. Бірақ ұшақ бірнеше сағат кешігіп, пойызға үлгермей қалдыңыз.
Мұндай жағдайда пойыз билетінің ақшасы автоматты түрде қайтарылады деуге болмайды.
Әуе компаниясының міндеті – заңда көрсетілген қызметтерді ұсыну және өз кінәсінен болған кешігу үшін тиісті жауапкершілікке тартылу. Ал жоғалған пойыз билеті, такси немесе басқа қосымша шығындарды өтеу мәселесі жеке қаралады.
Сондықтан пойыз билетін, такси чектерін және басқа шығындарды растайтын барлық құжатты сақтап қойған дұрыс.
Ал ұшақ мүлде ұшпай қалса
Рейс тоқтатылса немесе тасымалдаушының кінәсінен орындалмаса, жолаушының құқықтары одан да кеңейеді.
Билетті пайдаланудан бас тартуға мәжбүр болған жағдайда, заңда көзделген жағдайларда оның ақшасын қайтаруға болады. Әуе тасымалы ережелерінде рейстің кейінге қалдырылуы, ауыстырылуы немесе кідіруі салдарынан жолаушы ұшудан бас тартуға мәжбүр болған жағдайда ақша қайтару қарастырылған.
Сондықтан «билет қайтарымсыз тарифпен алынған, сондықтан ешқандай ақша бермейміз» деген жауап та барлық жағдайға бірдей қолданылмайды.
Еске сала кетейік, қайтарымсыз тарифпен алынған билеттен жолаушы өз еркімен бас тартса, ақшаны толық қайтару мүмкін болмауы мүмкін. Бірақ рейстің кешігуі немесе тоқтатылуы сияқты тасымалдаушыға байланысты жағдай туындаса, жолаушының құқықтары бөлек қаралады.
Сондықтан билеттің «қайтарымсыз» болуы авиакомпанияның барлық жауапкершілігін автоматты түрде жоймайды. Нақты жағдайға және кешігудің себебіне қарау керек.
Ақша алу үшін қайда жүгіну керек?
Ең алдымен әуе компаниясының өзіне ресми өтініш беріледі.
Өтініште рейстің нөмірін, күнін, жоспарланған және нақты ұшу уақытын, кешігудің себебін, қанша уақыт кешіккенін және қандай талап қойып отырғаныңызды көрсету керек.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды