Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Инчхон – Астана» бағытындағы әуе рейсінің жолаушысы бортта темекі шеккен. Ұшақ елордаға келіп қонғаннан кейін желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзған жолаушы әйелді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көліктегі Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында Ресей Федерациясының 49 жастағы азаматшасының әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккені анықталған. Шетелдік әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Жалпы жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе кемесінен 351 азамат түсірілген. Оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 173, ұшақ бортында темекі шеккені үшін – 136, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 19 және т.б.
Полицейлер ұшақта темекі шегу бұл ережелерді бұзу ғана емес, сонымен қатар борттағылардың барлығына қауіп төндіру болып табылатынын еске салады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?