Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіІшкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мас күйінде стюардессаны ұрған қазақстандық әншіге қатысты қандай шешім шыққанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат Нұрымбетов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 АЕК немесе 55 380 теңге әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды, - деді Қайсар Сұлтанбаев.
Әлеуметтік желідегі ақпараттарда бортсерікті ұрған әншінің Бауыржан Нұрымбетов екені айтылған. Бауыржан Нұрымбетов «Шіркін life 2» телешоуының жеңімпазы ретінде халыққа танылған. Көптеген ток-шоуларда сарапшы болған.
Айта кетейік, FlyArystan әуе компаниясы 18 желтоқсан күні ұшақта болған оқиға туралы мәлім еткен. Ұшақта қазақстандық танымал әнші әрі актер бортсерікке шабуыл жасап, маңдайынан ұрған. Сондықтан рейс 1 сағатқа кешіктірілген. Алайда, әуе компания әртістің аты-жөнін жариялаған жоқ.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады