Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев шетел лоукостерін тарту арқылы елімізде әуе көлігіне билет құны арзандайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бізде ұлттық оператор сегменті бар, сондай-ақ лоукостер сегменті ескерілген. Атап айтқанда, «ашық аспан» режимі аясында жолаушыларды тасымалдауға қатысты тиісті рұқсат тәсілдерін енгіземіз. Мәселен, лоукостерлер бір елден ұшып келіп, біздің ел арқылы басқа мемлекетке сапарлай алады, яғни Еуропаға немесе Түркияға әуе көлігімен бару мүмкіндігі қамтылмақ. Лоукостер болғандықтан, билет құны әлдеқайда арзан болады. Бұл қадамдарды келесі жылдан бастап іске асыру жоспарланып отыр», - деді Қайырбек Өскенбаев тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Осы орайда ол еліміз арқылы транзитті әлемде танылған лоукостерлер жүзеге асыратынын нақтылады.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді