Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туыстарына Маңғыстау облысы барлық қажетті қолдау көрсетуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлер, төтенше жағдай қызметкерлері, әкімдік өкілдері және волонтерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп, туыстарын алып кетуге келген шетелдік азаматтарға әуежайда көмек көрсетіп, оларды қонақ үйлерге орналастыру және басқа да қажетті қолдау шараларын жүзеге асыруда.
Өңірлік психологтар мен дәрігерлер облыстық ауруханада қайғырып жүрген туыстардың денсаулығын тексеріп, психологиялық көмек көрсетуде. Сондай-ақ, ыстық тамақ пен шәй ұсынылып, қосымша қолдау көрсетілуде.
Ұшақ апатынан қаза болған Маңғыстау облысының үш азаматының отбасыларына қаржылай көмек көрсетіліп, марқұмдарды жерлеу рәсімдеріне қолдау білдірілді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?