6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚызылорда қаласы үшін де ыстық су проблемасы өзекті. Облыс орталығынң өзі сумен толық қамтамасыз етілмеген. Дегенмен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 3 жылда мәселе толығымен шешілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қазандағы сапарында өңірдің өзекті мәселелеріне қатысты тарихи шешімдер қабылдады. Көпшілікті толғандырған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе қаласына дейінгі аумағын төрт жолақты жолға айналдыру және Қызылорда қаласына ыстық су қосу мәселесі алдағы үш жыл ішінде шешіледі,- деді облыс әкімі.
Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет басшысы Үкіметке бұл жобаларға қажет қаржыны бөлу туралы нақты тапсырма берді. Мұны іске асыруға 1,1 триллион теңге жұмсалады деп отыр.
Айта кетейік, өңірдегі басқа да түйткілдер кезең-кезеңмен шешімін тауып жатыр. Қоғамда жиі талқыланатын «Қызылорда – Жезқазған» автожолы президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылып жатыр. Жоба құны – 108,5 млрд теңге. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 104 шақырымы аяқталды. Қалған бөлігі 2025 жылы халық игілігіне беріледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі