Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСоңғы үш жылда Ақмола облысында қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілеріне байланысты 10 қылмыстық іс тіркелген. Олар: «Charoit», «Qnet», «Асар баспана», «Chai Tai», «S-Group», «Лайм Академия», «ChiaTai Tianging», «Buyers Union» ұйымдарына қатысты істер, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мұндай мәліметті облыс прокуратурасы ұсынды. Өңірдің 9 тұрғынына қатысты әртүрлі қылмыстық жазалар тағайындалды. Мысалы, Көкшетау қаласында «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін 26 жастағы А.Киргабакова және 24 жастағы Қасымхан 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Киргабакова «Instagram» парақшасын белсенді түрде жүргізіп, жаңа қатысушыларды тарту мақсатында сән-салтанатты өмір салтын – саяхаттар, қымбат көліктер мен үлкен табыстарды көрсеткен.
Ұйымдастырушылар желілік маркетинг схемаларын қолданып, өз қызметін малайзиялық компания арқылы жасырып, азаматтарды «QVI tripsaver» атты жалған туристік карталар мен зергерлік бұйымдарды сатып алуға шақырып, жоғары табыс уәде еткен. Міндетті шарт – жаңа қатысушыларды тарту болған, себебі салымшыларға төлемдер тек жаңадан тартылған азаматтардың қаражаты есебінен жасалған. Сотталғандар 39 адамды қаржы пирамидасына тартқан, келтірілген шығын 40 млн теңгені құраған.
Еске салсақ, Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша қаржы пирамидасын құру және басқару үшін мүлікті тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді