Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыТЖМ құтқарушылары Фурманов шыңынан түсіп келе жатып адасып кеткен үш адамды тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Республикалық жедел-құтқару жасағының «Медеу» құтқару бекетіне 2004, 2006 жылдары туған үш жас жігіттің Талғар ауданындағы Фурманов шыңынан түсіп келе жатып бағытынан жаңылып, адасып кеткені туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына құрамында 5 құтқарушы және бір техникасы бар жедел топ жіберілді. РЖҚЖ ТЖМ мамандарының іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде жігіттер жылдам табылды. Олардың бірі аяғын қайырып алған. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, топты шатқал арқылы төменге түсірді, - делінген мәліметте.
Іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды.
ТЖМ ескертеді:
Тауға шықпас бұрын маршрутты, ауа райын мұқият бағалап, жоспарыңызды жақындарыңызға немесе құтқару қызметтеріне алдын ала хабарлаған жөн. ТЖ орын алған жағдайда, уақтылы хабар беру мен геолокацияны жіберу құтқару жұмыстарын едәуір жылдамдатады.
Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?